АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Амбон аралының шығысына қарай, Банда теңізінде, бейсенбі күні 6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтемемен ТАСС хабарлайды.
Ондағы мәліметке сүйенсек, жер сілкінісінің эпицентрі аралдың оңтүстік бөлігінде орналасқан Амбон қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 402 шақырым жерде болған. Дүмпудің кіндігі - 162 км тереңдікте.
Цунами туу қаупі болған жоқ. Табиғат апатынан ешкім жапа шекпеген.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.