Индонезия зілзала құрбандарын іздеуде халықаралық көмек сұрады

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Индонезияның денсаулық сақтау министрі Сити Фадила Супари әлемдік қауымдастықтан қыркүйектің 30-ында жойқын зілзала болған Суматрадағы іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрап өтініш білдірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Зілзала салдарынан 75 пайызы қираған Паданг қаласындағы құтқару жұмыстарының қиындауы электрмен жабдықтау және байланыс желілерінің бүлінуіне байланысты болып отыр. Қаладағы екі аурухана да қираған, осыған байланысты жарақат алғандар далалық госпитальда, ал қайтыс болғандар - ашық «мәйітханаларда» қабылдануда.

Апат аймағында Индонезияның президенті Сусило Бамбанг Юдхойоно болды.