Индонезияда алып кальмар жағаға шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонзиядағы Серам аралында  толқын ұзындығы 15 метрлік теңіз жануарын жағаға шығарып тастады. Бұл балық түрі алдын ала болжам бойынша кальмарға ұқсайды.

Тұтас өлексені жергілікті балықшылардың бірі тапқан. Қараңғыда оған бұл жағаға қалдырып кеткен қайық тәрізді көрінген, деп хабарлайды Jakarta Globe.

 Өзгеше теңіз  жануары жағалаудағы көптеген тұрғындардың  назарын аударған.

Оның не себепті өлгені әзірге белгісіз, алдын ала болжамға қарағанда, кальмар жағаға шығып қалған кезінен шамамен  үш күн бұрын өлген болуы керек.