Индонезияда апатқа ұшыраған AirAsia лайнерінің құйрық жағы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ява теңізінде Airbus апатқа ұшыраған ауданда іздестіру операциясына қатысып жатқан индонезиялық әскери кеме ұшақтың құйрық жағы бөлігін тапты, деп хабарлады Йаян Софьян. «Біз бүйірден шолу жасайтын гидролакаторды пайдаланып, құйрық жағын таптық», - деген капитанның сөзін келтірген РИА "Новости".

Индонезияда апатқа ұшыраған AirAsia лайнерінің құйрық жағы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ява теңізінде Airbus апатқа ұшыраған ауданда іздестіру операциясына қатысып жатқан индонезиялық әскери кеме ұшақтың құйрық жағы бөлігін тапты, деп хабарлады Йаян Софьян. «Біз бүйірден шолу жасайтын гидролакаторды пайдаланып, құйрық жағын таптық», - деген капитанның сөзін келтірген РИА "Новости" .

Оның айтуынша, нысан 29 метр тереңдікте болған.

Еске сала кетейік, Airbus индонезиялық Сурабайдан Сингапурға 28 желтоқсанда таңертең ерте ұшып шыққан болатын. Бірсағатқа жетпейтін уақтытта ұшқыш ауа райы жағдайына байланысты бағытты және ұшу биіктігін өзгертуге рұқсат сұрады. Ол бұлт аймағын айналып өтуге рұқсат алды, ал биіктігін өзгертуге рұқсат берілген жоқ, өйткені сол ауданда басқа да ұшақтар болған еді. Содан кейін лайнер радар экрандарынан көрінбей кетті, алдын ала апаттық дабыл да берілген жоқ. Сол сәтте лайнер Танджунгпандан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 теңіз милі шамасында болды. Оның бортына 162 адам болды.