Индонезияда әскери ұшақ тұрғын үйге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия Әскери әуе күшінің оқу ұшағы сәрсенбіде Маланг (Шығыс Ява провинциясы) қаласының тұрғын үй орамына құлады, деп хабарлайды Синьхуа.

Ол тұрғын үйге құлады.

Апат жаттығу ұшырылымы уақытында жергілікті сағат 10:00-де орын алды.

Зардап шеккендер саны белгісіз, оқиғаның мән-жайы нақтылануда.