Индонезияда әуе шоуы кезінде дыбыстан ұшқыр жойғыш ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Индонезияда республиканың ӘӘК-нің иелігіндегі Т-50 Golden Eagle дыбыстан ұшқыр оқу-жаттығу жойғыш ұшағы құлады.

Оның екі ұшқышы қаза тапты, деп хабарлады ӘӘК-нің ресми өкілі Дви Вадармантао.

Оқиға Джокьякарта қаласы ауданындағы Ява аралында орын алған. Хабарланып отырғандай, ұшақ ұшу-қону жолағына жақын жерде құлаған. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, деп хабарлайды ТАСС.