Индонезияда авиашоу кезінде ұшақ ғимаратқа соғылды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Индонезияда Ява аралының батыс бөлігіндегі Бандунг қаласында авиашоу барысында жеңіл маторлы Cessna ұшағы апатқа ұшырау салдарынан екі адам қаза болды.

 Бұл туралы елдің Көлік министрлігінің ресми өкілі Бамабанг Эрван мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Cessna ұшағы маневр орындау кезінде биіктігін жоғалтып, ғимаратқа соғылды, - деп хабарлады ол. - Ұшақ бортында отырған екі ұшқыш та сол сәтте-ақ көз жұмды».

Авиашоу Бандунг қаласының 202 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.