Жергілікті полицияның хабарлауынша, 54 жастағы әйел бейсенбі күні кешкісін үйінен бір шақырым жердегі жүгері плантациясын қарауға кеткен бойы із-түзсіз жоғалған.
Ертеңіне таңертең үйіне оралмаған соң туыстары дабыл қаға іздей бастайды. Олар таңғы тоғыз жарымдар шамасында плантация маңында қарны қампиып жатқан ұзындығы бес құлаш жыланды көреді.
Жергілікті тұрғындар жыланды жарып қараса, ішінен әйелдің денесі шығады.