Іздеу операциясына 100-ден астам құтқарушы қатысып, төрт ұшақ жұмылдырылған, деп хабарлайды ТАСС. Бұған дейін ұшақты іздеу жұмыстары қараңғы түскен соң тоқтатылды.
Индонезия көлік министрлігінің мәліметтерінше, ВТС DHC-6 Twin Otter турбовинттік ұшағымен байланыс Масамба-Макассар рейсі кезінде жоғалған. Бұл екі елді мекен Оңтүстік Сулавеси провинциясының аумағында орналасқан.
Әуе кемесімен байланыс оның Макассар қаласына қонуына дейін жарты сағат қалғанда жоғалып кеткен. Бұл ретте Сулавеси аралындағы ауа райы қолайлы болған.
Жекеменшік ұшақтың бортында 10 адам - экипаждың үш мүшесі мен жеті жолаушы болған, соның ішінде үшеуі - балалар. Олардың барлығы - Индонезия азаматтары, шағын ұшақты ұшып өту үшін жалға алған екі отбасының мүшелері.