Индонезияда бортында 13 жолаушы болған әскери тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні 13 адамды тасымалдаған Индонезия әскерінің тікұшағы индонезиялық Сулавеси аралының орталық бөлігінде апатқа ұшырады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім аман қалмаған, қайғылы оқиғаның себебі айтылмай отыр.

Индонезияның бұл ауданында исламистік содырлар ел үкіметімен күресіп жатыр.
Фото: Bell Helicopter Textron Inc.