Жайсыз оқиға Тубан атты шағын қаладағы Шығыс Ява провинциясында орын алды. Өзге кемемен соқтығысқан соң моторлы қайық аударылып, суға батып кеткен. Кемелер соғысқан кезде қайықтың бортында 27 адам отырған. Олардың басым бөлігі индонезиялық балықшылар.
Ал, Вьетнамнан келе жатқан жүк кемесінің экипажында 22 Вьетнам азаматы болған. Олардың ешқайсысы да зардап шеккен жоқ.
Қазіргі таңда жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Куәгерлердің айтуларынша, моторлы қайықты басқарып келе жатқан азамат вьетнамдық кемені байқамай қалған.