Денпасар қаласында (Бали аралы) өткен кездесу барысында Елші Сержан Әбдікәрімов отандастарымызды осы айтулы оқиғамен құттықтап, Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті.
«Қауымдастық мүшелері Индонезиядағы өмір сүру және жұмыс жағдайлары жайында айтып, оларды қызықтыратын консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.
Іс-шараға қатысушылар Елшіліктің қауымдастықты құру туралы бастамасын бірауыздан қолдай келе, оның төрағасын сайлап, алдағы жоспарларын белгіледі», — деп жазды СІМ-нен.
Айта кетейік, Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығы — қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қолдау, өзара көмек көрсету, өзіндік ерекшелігін сақтау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті негіздегі қоғамдық ұйымы.