деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Монумент табиғи мөлшерінде орындалған және американдық президентті шолақ шалбар мен футболка киген бала күйінде бейнелейді. Кішкентай Обама сол қолын жоғары көтеріп, бас бармағына қондырып әкелген көбелекке көңілдене қарап жымиып тұр. Монумент АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Элеонора Рузвельттің: «Болашақ - өз қиялының күшіне сенетін адамға бағынады», - деп айтқан сөзінің сипатын білдіреді.
Орталық Джакартаның мэрі Сильвиана Мурнидің (Sylviana Murni) айтуынша, ескерткіш индонезиялық балақайларды өздерінің мақсаттарына ұмтылудағы олардың құлшыныстарын оятуы тиіс.
Ескерткіш Барак Обаманың бала кезінде өмір сүрген және оқыған жақын маңдағы Taman Menteng саябағында орнатылған. 1967 жылдан 1971 жылға дейінгі аралықта Обаманың отбасы - оның анасы, өгей әкесі және өгей әкесі жағынан қарындасы - Индонезияда тұрған.
Монументті жасау идеясы - штаб-пәтері Индонезияда орналасқан «Обаманың достары қоры» қоғамдық ұйымына тиесілі. Қоладан құйылған ескерткішті тұрғызуға 10 мың доллардан астам қаражат жұмсалған.