Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

ДЖАКАРТА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Индонезияда магнитудасы Рихтер бағамы бойынша 6,1 баллдық жер сілкінісі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің ақпараты бойынша, зілзала кіндігі Суматра аралындағы Бенгкулу қаласынан шамамен 210 шақырымдай жерде тіркелген. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге ақпарат жоқ.