Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Индонезиядағы Суматра аралына жақын жерде аса ірі жер сілкінісі болды.

Бұл туралы бүгін Reuters хабарлады.

Жер сілкінісінің тербелісі 6,2. Жер сілкінісінің ошағы Сиболг портты қаласынан батысқа қарай шамамен 260 шақырымда орналасқан.

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ. Цунами қаупі де әзірге жарияланбай отыр.