Индонезияда қуаттылығы 6,5 балл жер сілікінісі тіркелді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Индонезияның Ява аралында және көршілес курорттық Бали аралында сезілген жер сілкінісі Оңтүстік Ява жағалауларынан бастау алған. Оның күші Рихтер шкаласы бойынша 6,5 баллға дейін жеткен.

Цунами қаупі туған жоқ. Бұл туралы Метеорология, климатология және геофизика ұлттық басқармасының қызметкерлері хабарлайды, деп жазады Утро.ру.

Жер сілкінісінің ошағы Үнді мұхитынан 48 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбан болғандар мен ғимараттардың бұзылуы туралы мәліметтер тіркелген жоқ.