Индонезияда күшті жер сілкінісі болды
04:23, 21 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында хабарланды, деп жазды Oxu.Az.
— Жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде орналасқан. Апат ошағы 34 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Жапонияның Нагано префектурасында 5 балдық жер сілкінісі болды. Цунами қаупі жоқ екені айтылды.