Индонезияда мектеп құлап, 59 адам әлі үйінді астында қалып отыр

Фото: BSS News

АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушылар құлаған Индонезияда опырылып құлаған мектеп үйіндлері астында «тіршілік белгілерінің жоқтығын» хабарлады, 59 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BBC

Бейсенбіде Индонезияның Табиғи апаттар салдарын жою агенттігі (BNBP) ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қолданған құтқарушылар үйінділер арасынан тіршілік белгілерін байқай алмағанын хабарлады.

— Біз кеше түнде тыныштықты қамтамасыз ету үшін аумақты тазаладық. Күрделі жабдықтың көмегімен тіршіліктің қандай да бір белгілерін анықтай аламыз деп үміттенген едік, — деді BNBP бас директоры генерал-лейтенант Сухарьянто.

Ол команда жұмыстың «келесі кезеңі» — бетон плиталарын жылжыту үшін ауыр техниканы пайдалануға шешім қабылдағанын қосып өтті. Бұл сынықтарды кранмен көтереді немесе кішкене бөліктерге кесіледі.

Құтқарушылар мұны ертерек істей алмады, себебі ғимараттың одан әрі опырылып, ықтимал аман қалғандардың өміріне қауіп төнуі мүмкін деген қауіптену болған. 
29 қыркүйекте Сидоарджо қаласындағы екі қабатты мектеп-интернат құлаған кезде оның ішінде жүздеген оқушы болған, олардың көпшілігі — жасөспірімдер.

Соңғы мәліметке сәйкес, кемінде бес оқушы қаза тауып, 100-ге жуығы жарақат алды. 

Құтқару жұмыстары ғимарат конструкциясының тұрақсыздығына байланысты қиындап отыр. 

Ғимарат оған екі қосымша қабат қосылып жатқан құрылыс жұмыстары кезінде құлады. BNBP өкілдері кейін ғимараттың тұрақсыз іргетасы салмақты көтере алмайтынын мәлімдеді.

Алайда Сидоарджо қаласының билігі мектеп басшылығы ғимаратқа қосымша қабаттар салуға рұқсат алмағанын мәлімдеді.

Шілде айында Бангладеште әскери ұшақ колледждің асханасына құлап, елде аза тұту жарияланды