Индонезияда Наурызды атап өтті

None
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Индонезия Республикасында 21 наурызда тұңғыш рет АСЕАН штаб-пәтері ғимаратында Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Түркия, Иран, Пәкістан және Өзбекстан елдері елшіліктерінің күшімен Наурыз мерекесі ұйымдастырылды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы елдің министрліктері мен ведомостволарының басшылары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, бизнес топтар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Джакартада тіркелген дипломатиялық және халықаралық өкілдіктердің жетекшілері мереке қонақтары болды. Олардың назарына Қазақстанда Наурыз мейрамының қалай тойланатындығы жайлы ұлттық музыкамен өрілген бейнефильм ұсынылды. Сондай-ақ Астанаға арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды. Кешке қатысушылар ұлттық тағамдар қойылған дастарханнан дәм татты.

Тағы бір айта кетер жайт, меймандарды осында көрсетілген қазақтың ұлттық киімдері қатты қызықтырды.