Индонезияда өзіне күйеу іздеген 20 әйелді өлтірген ер адам ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда бастауыш сыныптардың бұрынғы мұғалімі өз елінде 20 әйелді өлтіргені үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ер адам Индонезияның Бали аралында ұсталды. Мохан Кумар әйелдерге әсері күшті цианид уын беріп өлтіргені үшін айыпталып отыр. Бұл қылмыстарды ол алты жыл бойы - 2003-2009 жылдар аралығында жасаған, деп жазады шетелдік БАҚ.

2013 жылдың желтоқсанында Мангалор қаласының соты оны адам өлтіруде кінәлі деп танып, өлім жазасына кесті. 56 жастағы Кумарға Үндістан БАҚ-тары «Мохан цианиді» атауын берген. Бұл ер адамның өмірлік серік іздеген әйелдерді өлтіргені белгілі.

Кумар қамаудан қашып, көптеген жылдар бойы Австралияда жасырынғанын мойындады. Балиге 15 күндік демалысын өткізуге келгенде ұсталған. Таяу күндері ер адам Үндістанға жіберілмек. Барлық тиісті құжаттарды даярлауға бір айдан астам уақыт кететіні де жоққа шығарылмайды.