«Мен бұл ақпаратты құтқарушылар мен теңіз полициясынан тексердім, бірақ оларда осындай мәліметтер жоқ. Бұл - өтірік хабар», - деп мәлімдеді Okezone.com порталына Баликпапан қаласындағы Basarnas бөлімінің басшысы Хендра Судирман (Hendra Sudirman).
Бұған дейін бірқатар жергілікті және шетелдік БАҚ ішінде аз дегенде 197 адам болған Taruna Makmur кемесінің ауа райының қолайсыздығынан Шығыс Калимантан провинциясының жағалауындағы Бонтанг қаласынан шығысқа қарай Макассар бұғазында суға батып кеткені туралы хабарлаған болатын.