Аталмыш елдегі мұсылман жамағатының the Majlis Tarjih Muhammadiya деп аталатын аса ірі ұйымының жетекшісі Янахар Ілиястың айтуынша, марқұмның басын қарайтып, зират тұрғызуға ешқандай тыйым салынбаған. Тек сән-салтанаты асқан бейіт тұрғызуға рұқсат берілмейді. «Ислам діні арғы дүниеге аттанғандардан гөрі тірілердің қамын жейді»,- деді ол. Сондай-ақ, ол ысырап пен дарақылыққа дінімізде тыйым салынғанын тілге тиек етті.
03:12, 02 Наурыз 2014
Индонезияда сән-салтанаты асқан бейіт тұрғызуға тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Индонезияның ислам істері жөніндегі кеңес сән-салтанаты асқан бейіт тұрғызуға тыйым салатын пәтуа шығарды, деп хабарлайды muslim.kz.