Индонезияда сайлау комиссиясының мүшелері мінген ұшақ апатқа ұшырады

ДЖАКАРТА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат – Индонезияда өткен аптадағы парламенттік сайлау бюллетендерін тасымалдап келе жатқан және сайлау комиссиясының мүшелері мінген шағын бір моторлы Pilatus Porter PC-6 ұшағы апатқа ұшырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Ұшақ Папуа провинциясының шығысындағы орманды-таулы жерге құлаған. Ұшақ бортында тоғыз адам (екі ұшқыш пен жеті жолаушы, оның ішінде бір бала) болған, әзірше олардың барлығы із-түзсіз жоғалған деп есептелуде. Полиция апаттан олардың тірі қалуы екіталай деп санайды. Дегенмен оқиға орнына құтқару командасы жіберілді.