Индонезияда тағы да жер сілкінді

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Индонезияның Суматра аралының маңында тағы да жер сілкінісі болды, бұл жолғы зілзаланың магнитудасы 6,8 балды құрады,

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Соңғы    жер сілкінісі   мәскеу уақыты  бойынша  сағат  05.31-де    Бенгкулу провинциясының  солтүстік-батысына қарай 155 шақырым жерде     болды.     Жерасты дүмпулерінің  тереңдігі   25 шақырымды  құрады.

Суматра  төңірегінде  болған    бұған дейінгі    зілзала салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша,      200-дей адам     қаза   тапқан.  Елдің  вице-президенті Юсуф  Калланың айтуынша, зардап шеккен  аудандарда  жүздеген      ғимараттар     қираған,  олардың  қатарында  қонақүйлер мен ауруханалар да бар.