Аралда ұзынқұйрықты макакалар қарттар мен балаларға шабуыл жасап, жергілікті кедей отбасыларының азықтарын ұрлап кетуді өршітті. Индонезиялықтарға көмекке полицейлер мен әскерилер тартылды, деп хабарлайды Yahoo.
«Маймылдардың құрбанына айналғандар көбінесе ескі үйлерде тұратын жалғызбасты кедейлер. Олардың көршілері де болмағандықтан, ешкім көмектесе алмайды», - дейді жергілікті полиция басшысы Овен Андхи.
Қазіргі уақытта аймақты тәртіп сақшылары, әскерилер және жергілікті шенеуніктерден тұратын қарулы жасақтар күзетуде. Сонымен қатар, жануарларға қауіпсіз тұзақтар қолданылуда. Тәртіп сақшылары мұнымен маймылдарды аулап, қайтадан орманға апарып тастайды.
Соңғы уақыттарда маймылдардың әрекетінен 11 адам зардап шеккен.