«37 ересек адамның және бір баланың мәйіті оқиға орнынан табылды», - деді Индонезия көлік министрлігінің өкілі.
Ол сонымен бірге ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқандардың мәйітін тасымалдауға мүмкіндік болмағанын айтты.
Осыған дейін Индонезияда құтқарушылар ұшақ құлаған жерге жеткені хабарланған, деп жазды «Газета.Ru».