Индонезияда үйлену тойының қайығы батып кетіп, бес адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда үйлену той кезінде бес адам ажал құшып, үш адам хабар-ошарсыз кетті. Шығыс Калимантан провинциясында олар мінген қайық суға батып кетті, деп хабарлады РИА Новости.

Құтқарушылар жоғалып кеткендерді іздеуді жалғастыруда, алайда олардың тірі табылуы неғайбыл.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.