Вулканологтардың мәліметінше, атқылау кезінде күл мен газдан тұратын түтін бағаны шамамен бір шақырым биікке көтерілген. Ал жанартаудың беткейлерімен тараған ыстық лава ағыны 1 000 метрге дейін жеткен.
Мамандар жаңбырлы маусым басталғанда жанартау беткейлерінде жиналған тау жыныстары сумен араласып, қауіпті селге айналуы мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе жанартаудан бастау алатын өзендердің бойындағы аумақтарға қауіп төніп тұр.
Бақылау барысында жер асты дүмпулері, гүрілдеген дыбыстар және кратерден заттардың атқылауы да тіркелген.
Қазір Карангетанг жанартауының қауіптілік деңгейі екінші сатыда сақталып отыр.
Бұған дейін Ява аралында жанартау үш рет атқылағаны хабарланған еді.