Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан 7 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда Синабунг жанартауының атқылауы салдарынан кемінде жеті адам қаза тапты, екеуі ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады ABC News.

Ажал құшқандар қауіпті аймақ шегінде, таудан 4 шақырым жерде Гамбер ауылындағы фермада жұмыс жасап жатқан.

Одан әрі құрбандар санын болдырмау үшін әскерилер жедел қозғалыстағы ыстық газға тосқауыл орнатты. Көптеген жергілікті тұрғындар керек-жарақтарын алып, үйлерінен қашуда.

Синабург жанартауы 2010 жылы оянғанға дейін (2 адам қаза тапқан) қырық жыл бойы тыныш жатқан. Ал 2014 жылы жанартаудың атқылауы салдарынан 16 адам көз жұмған.