Индонезияда жер сілкінді

АСТАНА.  Желтоқсанның  10-ы.  ҚазАқпарат - Бейсенбі күні  Индонезия  жағалауының   оңтүстік-батысына    қарай     күші  5,9 балдық   жер сілкінісі  болды,   цунами    қаупі  жоқ.   Құрбан   болғандар мен  қираулар  туралы    мәлімет те  жоқ,

деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі АҚШ Метеорологиялық қызметіне сілтеме  жасап.

Мәскеу уақыты  бойынша    сағат 00.29-да   Суматра аралындағы  Медан     қаласынан 310 шақырымдай  жерде     тіркелген  жерасты  дүмпулерінің      кіндігі   35 шақырымдай тереңдікте    болған.

Индонезия    ең сейсмикалық  белсенді аумақта  орналасқан  және  Тынық  мұхитындағы    қуатты   тектоникалық    сынық  қабатының   бөлігі  болып    табылады.    Бұл  ауданда ең    белсенді  тектоникалық    тақта орналасқан,  оның біреуі   жылына  7 см  жылдамдықпен    жылжып  тұрады.   Сейсмологтар  жыл  сайын   бұл  маңнан   күші 4 балдан  жоғары 6-7 мыңдай   жер сілкінісін тіркейді.