Бұған дейін Reuters агенттігі 82 адамның өлімін жариялаған еді.
Табиғи апаттардың алдын алу бойынша ұлттық агенттіктің ресми өкілі Сутопо Нугрохо жер сілкінісінің аралдың солтүстік бөлігіне тигізген залалы аса ірі деп бағаланғанын айтты. Табиғи апат салдарынан мыңдаған үйлер күйреген. Бірнеше мың адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Сондай-ақ, билік өкілдері цунами қаупі төніп тұрғанын ескертті.
Жерасты дүмпуі Бали аралында да сезілген. Бұл жер туристер арасында өте танымал болып, алайда онда ешқандай апат болмаған.
Индонезия елінің президенті Джоко Видодо министрлер кабинетіне, полицияға және әскери қызметкерлерге құтқару операциясын жылдамдатуға тапсырма берді.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жексенбі күні Ломбок аралында 6,6 балдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы - 10 шақырым тереңдікте жатқан.