Индонезияда зымыран ұшырылды
16:16, 02 Шілде 2009
МӘСКЕУ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Индонезияда зымыран ойдағыдай ұшырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.
РХ-420 зымыран тасығышы Батыс Ява провинциясындағы алаңнан ғарышқа жол тартты. Зымыранның бұл түрі 2014 жылы жер айналасындағы орбитаға спутникті шығаруға пайдаланылмақ.