Индонезиядағы Азия чемпионатында қазақстандық семсерлесуші қола еншіледі

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Комитет мәліметінше, отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.

— София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті. 
Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, — делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында 2 қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.