TNBTS басқармасының басшысы Рудиджанта Тьяджа Нуграха өртті әуеден сөндіруге арналған тікұшақтың жердегі топтар жете алмайтын тік жартасты жерлердегі ошақтарды сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты.
— Әлі де сөндірілмеген бірнеше ошақ бар. Өрт шамамен 120 гектар аумақты шарпыды, — деді Нуграха.
Оның айтуынша, таулы әрі ойлы-қырлы жер өрт сөндірушілер үшін қиындық туғызған. Өрт ошақтарының көбі тік беткейлерде орналасқандықтан, жедел қызметтердің біріккен топтары ол жерлерге жаяу қауіпсіз жете алмайды.
Ол сондай-ақ өрттің табиғи факторлардан емес, адам әрекетінен тұтануы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, Түркияда 44 орман өртіне қатысты тергеу жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды.