Индонезиядағы су тасқынынан 67 адам қаза тапты

ДЖАКАРТА. KAZINFORM – Индонезияның Батыс Суматра провинциясында лава мен су тасқыны құрбандарының саны 67 адамға жетті, 20 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің табиғи апаттарды жою жөніндегі Ұлттық агенттігінің басшысы Сухарьянто мәлімдеді, деп жазады Синьхуа.

Фото: АР

Оның айтуынша, зардап шеккен аймақтарға эвакуациялауға және зардап шеккендерді іздеуге көмектесу үшін сарбаздар мен полицейлер жіберілген.

Шенеунік агенттік алдағы уақытта мұндай апаттың қайғылы салдары қайталанбауы үшін азаматтарды басқа жерге көшіруді қарастырып жатқанын атап өтті. Егер көшіру орын алса, жергілікті әкімшілік жер телімін береді.

Мамандар сенбі күні түнде болған апатты осыдан 45 жыл бұрын дәл сол аудандарда болған табиғи апаттың қайталануы деп отыр.