Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі ұлттық агенттік өкілінің айтуынша, жанартау белсенділігінің күшеюі салдарынан бір адам қаза тауып, 40-тан астамы күйіп қалған, олардың кейбірі ауруханада жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар орналасқан бірнеше үйді құм, лай, күл басқан.
Семеру - Ява аралындағы ең биік шың және Индонезиядағы 130-ға жуық белсенді жанартаулардың бірі. Семеру жанартауының бұдан бұрынғы атқылауы осы жылдың қаңтар айында болды.