Жазғы Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының сапында астаналық 53 спортшы 20 спорт түрінен күш сынасатын болады, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы.
Оның ішінде 8 қатысушы 4 спорт түрі бойынша Паразиялық ойындарда бәсекеге түседі.
Елордалық спортшылар келесі спорт түрлері бойынша жарысады:
1. Белбеумен күрес -Дүйсембаева Ботагөз, Дүйсембаева Ұлжан, Құлманбетов Айдос;
2. Грек-рим күресі -Құстыбаев Азамат, Кебіспаев Алмат;
3. Әйелдер күресі -Эшимова Жұлдыз, Исламова Валентина;
4. Самбо -Зекенов Әлібек;
5. Дзюдо -Науатбек Ақмарал;
6. Байдаркамен және каноэмен есу -Ананченко Зоя, Егеубаева Дайана, Токарницкий Сергей;
7. Академиялық есу -Опачанова Александра;
8. Жүзу - Мусин Әділбек;
9. Синхронды жүзу -Русанова Дженифер, Тыныбаева Кристина, Талғатова Дания, Коноваленко Рената, Дектярева Яна, Абдулина Карина;
10. Көркемдік гимнастика - Тілекенова Адиля;
11. Жеңіл атлетика -Каспер Александр;
12. Оқпен ату -Вохмянин Сергей, Клейменов Алексей, Комендра Юлия;
13. Әйелдер боксы - Сұлтанқызы Сания, Волосенко Римма;
14. Велоспорт -Искакова Амилия;
15. Таеквондо - Төлепбергенова Маржан;
16. Стендтік ату -Могилевский Андрей;
17. Қазіргі заманғы бессайыс -Ильяшенко Павел, Потапенко Елена, Сухарев Владислав;
18. Құзға шығу -Маймуратов Амир, Марленова Асель;
19. Баскетбол -Иванова О., Багмет О., Ягодкина Т., Астапенко М., Куразова З., Винокурова А., Кондракова Н., Арзамасцева А., Байболекова М., Ерғалиев Р.
Сондай-ақ 2-13 қазан аралығында Джакартада мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Паралимпиадалық Азия ойындары өтеді. Биыл беделді халықаралық жарыста 4 спорт түрі бойынша 8 спортшы Қазақстан намысын қорғайды:
1. Жеңіл атлетика -Болат Бейбарыс, Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт (тірек-қимыл аппаратының бұзылуы);
2. Жүзу - Далиев Сиязбек (Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт), Сүтбаева Диана (көру), Уақпаев Әлібек (көру), Ли Надежда (көру);
3. Пауэрлифтинг - Әуезова Мария (Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт);
4. Дзюдо - Арыстанбеков Бауыржан (көру), Шамей Ерғали (көру).
Жалпы, Азия ойындарына Азия құрлығының 45 мемлекетінен 9 мыңнан аса спортшы қатысады. Дүбірлі дода 42 спорт түрінен өтеді, 476 медаль сарапқа салынады.