«Соңғы дерек бойынша, 26 адам қаза тапқан, олардың барлығы Мамуджу қаласының тұрғындары», - деді табиғи апаттар салдарын жою агенттігінің қызметкері. Сондай-ақ ол құрбандар санының әлі де өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Егер жаңа жерасты дүмпулері бұрын тіркелгендерден гөрі күштірек болған жағдайда цунамидің болу қаупі бар.
Мамуджу қаласындағы аурухана ғимаратының үйінділері астында 10-нан астам адам қалып қойған.