Индонезиялық ұшақ апатқа ұшырады, борт ішіндегі 54 адамның барлығы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық ұшақ тауға соғылып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Риа Новости Папуа провинциясының әуе компаниясына сілтеме жасап.

Бұған дейін Папуа-Жаңа Гвинея ауданында ішінде 54 адамы бар индонезиялық ұшақ радар бетінен жоғалып кеткендігі хабарланған болатын.

Жергілікті билік хабарлағандай, ұшақ бортында 49 адам, сонымен бірге 5 экипаж мүшесі болған. БАҚ олардың барлығының қаза тапқанын хабарлауда.

Бұған дейін Ұлттық іздеу-құтқару басқармасының басшысы Бамбанг Сулистио ұшақпен байланыс үзілгенін растаған.