Бейсенбі күні Мамуджу құтқару қызметінің басшысы Мұхаммад Ризал бұл туралы жергілікті БАҚ-қа хабарлаған. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, үйлену тойын тойлап жүрген 28 адам мінген кеме Амбо аралында байланыстан ажыраған. Оқиға туралы хабарлама оның кеңсесіне сәрсенбі күні кешке келіп түскен.
Кеме жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:00-де Амбо аралынан шығып, Мамуджудағы Сумаре портына 16:00-де оралуы керек болған.
Ол Амбо аралына құтақру тобы жіберілгенін айтты.