Индонезияның батысында көшкіннен 10 адам қаза тапты

ДЖАКАРТА. Синьхуа - ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Индонезияның батысында Риау аралы провинциясында болған көшкіннен кем дегенде 10 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалды.

Бұл туралы құтқару қызметі өкілінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агентігіне сілтеме жасап.

Натуна Ридженси ауданындағы табиғи апатқа нөсер жауын-шашын мен топырақтың тұрақсыздығы себеп болған. Бұл туралы елдің Табиғи апатпен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің өкілі Абдула Мухари мәлім етті.

«Құрбандар саны артуы мүмкін. Қазіргі уақытта мәйіттерге арналған қапта 10 мүрде жатыр», - деді табиғи апатпен күрес провинциялық қызметі төтенше жағдайлар жөніндегі құрылым басшысы.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.