Бұл туралы ведомствоның өкілі Джоко Муржамоджо мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«Біз компанияның барлық рейстерінің кестесін тексермекшіміз. Дүйсенбі күні бастаймыз», - деді ол Рейтер агенттігінен. Ол сондай-ақ бұл тексерістің қорытындылары бойынша «AirAsia-ның Индонезияда ұшуға рұқсат беретін лицензиясын алып қою мүмкіндігі де жоққа шығарылмайтынын» қоса айтты.
Компанияның басшысы Суну Видьятмоко тілшілерге AirAsia-ның индонезиялық билік көздеріне бұл тексерістің барысында көмек көрсететінін мәлімдеді.