ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлады Detik.com интернет-порталы.
«Әуежай уақытша жабылды», - деп мәлімдеді Индонезия көлік министрлігінің ресми өкілі Бамбанг Эрван.
Оқиға орнынан хабарлағандай, ұшқыш ұшу-қону жолағында жүрген үш сиырды байқап қалып, оларға соғылмаудың әрекетін жасауға тырысқан. Алайда мүйізді ірі қараның бірі ұшақтың шассиіне соғылып, тежегіш істен шыққан. Соның кесірінен әуе кемесі ұшу-қону жолағынан 10 метрге шығып кеткен.
Абырой болғанда, авиалайнердегі 110 жолаушы мен 7 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Тек ұшақ сәл зақымданды. Оқиғаның орын алу себептері анықталып жатыр.