Индонезияның шығысында екі жойқын жер сілкінісі болды
09:20, 11 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Рихтер шкаласы бойынша 7,4 және 5,1 балдық күшпен ғаламшардағы ең ірі Индонезия архипелагының шығысында екі жер сілкінісі болды.
Цунами қаупі жоқ. АҚШ-тың геологиялық қызметі бұған дейін хабарлағандай, бірінші жер сілкінісінің магнитудасы 7,2 балды құрады.
Екі зілзала кіндігі Молуккск аралының оңтүстік-шығыс бөлігінен солтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жерде болған. Олардың ошақтары Банда теңізінің үстінен 170 және 164 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қаза болғандар мен қирандылар жөнінде ақпарат әзірге түскен жоқ.