Индонезияның Суматра аралында жер сілкінісі болды

АСТАНА.  Қазанның 1-і. ҚазАқпарат  -  Индонезияның Суматра аралында  болған   магнитудасы 7,9 балдық     зілзаланың салдарынан,  ең    аз  дегенде,

75 адам     қаза тапты. Бұл туралы Джакартада     елдің  вице-президенті Юсуф  Калла мәлім етті,    деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.    Оның айтуынша,     зардап шеккен  аудандарда  жүздеген      ғимараттар     қираған,  олардың  қатарында  қонақүйлер мен ауруханалар да бар.

Индонезия  Денсаулық сақтау министрлігінің    дағдарыс    орталығының  бастығы Рустам Пакайя,  7 мыңдай  адамның  үйінділердің астында  қалып қойғанын   хабарлады.    Апат ауданына   құтқарушылар  жасақтары   жөнелтілді,   дала  госпиталі      ұйымдастырылды. 

Зілзала    бірнеше  лай көшкінін туғызып,     соның салдарынан   зардап шеккен  аудандарға апаратын   жолдар жабылып  қалды.      Энергия  және  байланыс желілері  зақымданған.

Жерасты  дүмпулері     зілзала кіндігінен   жүздеген  шақырым     жерде,      Джакартада, Сингапурде  және  Куала-Лумпурде сезілген.