Индонезияның жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның жағалауына жақын жерде 6,5 магнитудалы жерасты дүмпуі болды.

Зілзала ошағы Мамере қаласынан 171 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы.

Оның тереңдігі - 550 шақырым. Үйлердің қирауы мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.