Сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін ресми түрде жариялап, 53 пайыз жинаған Видодо жеңіске жеткенін мәлім етті. Бүгін сайлаудың ресми мәліметтерін жариялауға бірнеше сағат қалғанда оның бәсекелесі генерал Прабово Субианто сайлауалды тартыстан шығатындығын айтты. Өз кезегінде Субианто дауыс беру нәтижесімен келіспейтіндігін, санақ барысында заң бұзушылықтар орын алғандығын алға тартуда. Видодо әсіресе, қалалық және ауылдық жерлердегі жастар арасында танымал. Дәстүрлі элитамен тығыз байланыстағы бұрынғы генерал Субиантоға медиа-магнаттар қолдау көрсетіп отырған көрінеді.
18:42, 22 Шілде 2014
Индонезияның жаңа президентінің есімі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда президенттік сайлауда Джакартаның губернаторы Джоко Видодо жеңіске жетті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.