Индорхоккейден Қазақстан құрамасы Азия кубогында финалға шықты

Фото: Фото: Азия хоккей федерациясының Facebook парақшасы

АСТАНА. KAZINFORM - Таиландтың Чонбури қаласында өтіп жатқан жабық ғимараттағы көгалдағы хоккейден (индорхоккей) Азия кубогында Қазақстан құрамасы топтық кезеңде барлық қарсыласынан басым түсті.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түсті. Жарыс барысында Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, Оманды 8:0, Иранды 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Ел құрамасы бүгін, 15 мамырда жартылай финалда Индонезиямен кездесіп, ойынның негізгі кезеңі 3:3 есебімен тең аяқталды. Буллитте қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Енді олар финалда Таиланд және Малайзияның жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Енді финал мен 3-орын үшін сайыс 16 мамырға белгіленген.