Азия кубогында елқұрамасы сапында қызылордалық спортшылар саны басым болды. Құрама сапындақыздарда Гузал Бахаваддин мен Алиса Чепкасова, жігіттер арасында НұрханСансызбаев, Бақытбек Сəрсенбайұлы жəне Дəулетбек Əлиев сынды саңлақтар ойынкөрсетті.
Азия кубогындаҚазақстан қыздар құрамасы алтыннан алқа тақты. Екінші орын Таиландхоккейшілеріне бұйырса, үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Жігіттерарасында біздің құрама екінші орын алса, кубок Иран хоккейшілеріне бұйырды.Малайзия құрамасы үздік үштікке тұрақтады.
Айта кетерлігі,екі құрама жартылай финалда Малайзияны орта жолда қалдырды. Олардан қыздар 2:1,жігіттер 4:3 есебімен басым түсті. Қыздар финалда Таиландты тізе бүктірсе,жігіттер Иранға жол беріп қойды.
Алда көгалдағыхоккейден маңызды жарыстар күтіп тұр. Енді 1-10 тамыз аралығында Талдықорғандаеліміздің жазғы спартакиадасы өткізіледі. Ал 31 тамыз - 6 қыркүйекте сол қаладаОрталық Азия кубогы жалауын көтереді.
Қызылордадакөгалдағы хоккейден «Қайсар» спорт клубы бар. Оған ҚР еңбек сіңіргенжаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин жетекшілік етеді.