Индустриализация күні аясында Павлодарда қоспалы алюминий өндірісі іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 6-желтоқсан күні қоспалы алюминий өндірісі бойынша кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2017 жылдың соңына дейін қолданысқа берілетін кәсіпорындардың тізімін облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейтмағамбетов жариялады.

«Тік жікті болат құбырларының өндірісі үшін «ДАНиЕР» ЖШС-не қажет жабдықтың 100 пайызы жеткізілген», - дейді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, қазіргі таңда реттеу жұмыстары жүргізілуде. Желтоқсан айында «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да циклды-ағымды кешенін аршу шарасы енгізіледі. Шамамен бір айдан кейін Шідерті кентінде «Alef trade» ЖШС қысқы дизель отынын өндіру зауытында алғашқы өнімді алу жоспарланып отыр. Жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс екінші жоба - «К&К» компаниясы Краснояр тобының авлюминий автомобиль дискілерін шығару. Кестеге сәйкес қараша айында жабдықтау және реттеу жұмыстары басталады. Бұдан басқа, 6-желтоқсан күні Индрустриализация күніне орай «Guissenhaus» ЖШС-ның және Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту бойынша жобасы іске қосылады. Агроөндірістік кешенге келетін болсақ, өңірде жеті гектар жылыжай іске қосылған. Оның бесеуі - Екібастұзда, екеуі - Ақсуда. Бұл жылыжай кешендерінде көшеттер отырғызылған және жылдың соңына дейін өнім алу көзделіп отыр.